Халықаралық балаларды қорғау күні

Халықаралық балаларды қорғау күні

«Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай 2023 жылдың 31 мамыр күні «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қаласы)» ММ жедел - құтқару жасағында балаларға арналған іс-шара ұйымдастырылды. Балалар шара барысында «Құшағыңды жай» , «Бүгін барлығы осында», «Мен қандай сұлу едім» атты психологиялық сергіту ойындары және еркін тақырыпта асфальтта сурет салу байқауы өтіп, «Тедди ақ аюы» аниматорларының қатысуымен би билеп, көңіл көтерді. Балалар мен қызметкерлер арасында сенімді қарым-қатынас орнады.