Қазақстан Республикасы Парламентігің Сенаты депутаттарының облыстың су тасқыны қаупі бар учаскелерімен танысуы

Қазақстан Республикасы Парламентігің Сенаты депутаттарының  облыстың су тасқыны қаупі бар учаскелерімен танысуы

2023 жылдың 27 мамыр күні Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Г.Т. Сарыбаев, Ж.Б. Асанова, А.Г. Сатвалдиев, Г.Г. Шиповских келген болатын.

Жұмыс сапары аясында депутаттар өңірде жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы іс-шаралармен танысып, нығайту жұмыстарын жүргізуді талап ететін Орал қаласында Деркөл өзені жағалауының учаскесіне барды.

«Су тасқынына қарсы іс-шаралар жол картасы» шеңберінде Кардиологиялық орталыққа апаратын жол учаскесінде Деркөл өзенінің жағалауын нығайту бойынша жоба түзетілуде. Аталған жобаның тапсырыс берушісі Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ақпараттық стендтерді көрсете отырып, жобаның барлық бөліктерін, соның ішінде жағалаудың қарқынды шайылуы орын алатын өзеннің ең осал учаскелерімен таныстырған болатын. Қазіргі таңда жоба аяқталу сатысында, кейін құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлу жоспарлануда.

Нәтижесінде, аталған жұмыстарды жүргізуге қаражатты шұғыл бөлудің өзектілігі мен қажеттілігі мәселелері талқыланды.