
Су айдындарында жаппай демалу орындарында шомылушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ Жедел-құтқару жасағы құтқарушылары Батыс Қазақстан облысының су айдындарында орналасқан жағажайларды одан әрі жабдықтау үшін 28 орынға сүңгуірлік тексеру жүргізді.
Су астындағы тексеру кезінде сүңгуір құтқарушылар нөлдік көріністе жағажайдың түбін тексереді. Су астынан табылған заттар жағаға шығарылып, жағажайдың түбі тазарғанаға дейін сүңгуірлік жұмыстар жалғасын табады. Негізінен сүңгуір құтқарушылар судан тұрмыстық қоқыстарды, әртүрлі ағаш бұтақтарын және басқа да ұсақ-түйектерді алады, бірақ кейде батареялар, автомобиль шиналары сияқты үлкен заттарды табады.
Сондай-ақ, құтқарушылар су пайдаланушыларға жағажай жабдықтарының ережелері туралы егжей-тегжейлі түсіндірді, алғашқы медициналық көмек көрсету пункті бар құтқару бекетін құру қажеттілігі және жағажайларында демалушылардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік туралы айтты.
Ұйымдастырылған шомылу орындарын құру санының артуына байланысты су айдындарында адам өлімінің саны айтарлықтай азаяды.
Құтқарушылар халықты қатаң түрде белгіленген орындарда шомылуға, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға және суда демалу кезінде өз өміріне қауіп төндірмеуге шақырады.