Рейдтік іс-шаралары

Рейдтік іс-шаралары

Өрт қауіпті кезең басталғалы облыс аумағында жалпы ауданы 452 га құраған  2 орман өрті және 28 табиғи жану оқиғасы орын алды.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, алдағы демалыс күндері облыс аумағында төтенше өрт қаупі, яғни температураның 32 градусқа дейін көтерілуі күтілуде.

Осыған орай, БҚО ТЖД қызметкерлері қалалық төтенше жағдайлар басқармасық. патрульді полиция батальонының кавалериялық взводы, «Мой город» ақпараттық порталының тілшілері және еріктілермен бірге рейдтік іс-шараларын ұйымдастырды.

Рейдтік іс-шара барысында, саяжай қоғамдарының тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы жадынамалар таратылды.

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! ыстық ауа райында орман аймағына шығуды барынша азайтуды, ашық отты пайдаланбауды, сөндірілмеген сіріңке мен темекі тұқылын тастамауды және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз!