Батыс Қазақстан облысында өрт қауіпті аудандарды әуеден барлады

Батыс Қазақстан облысында өрт қауіпті аудандарды әуеден барлады

Батыс Қазақстан облысында өрт қауіпті аудандарды әуеден барлады

 

Батыс Қазақстан облысының ормандарында өрт қауіпті маусымы 5 сәуір күні жарияланды. Бүгінгі күні облыс аумағында жалпы ауданы 452,3 га құраған 2 орман өрті және 28 дала жану оқиғасы тіркелді.

Облыс аумағындағы далалық жерлер мен орман алқаптарының мониторингі қалыптасқан өрт қауіпті жағдайды болжауға көмектеседі, ол алдағы уақытта облыс халқы мен аумағын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған бірқатар шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

            Өткен жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, осы уақытта ауылдық елді мекендерде, орман, ауыл шаруашылығы алқаптарында, тұрғын үйлер жанындағы, саяжай қоғамы жер теліміндерінде құрғақ шөптің, қоқыстың жануына байланысты өрттер мен жанулар санының өсуі байқалады.

            Осы мақсатта Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 18 мамыры күні облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының өкілдерімен бірлесіп орман қорын өрттерден қорғау және далалық өрттерді сөндіру мақсатында Жайық өзені бойындағы ормандарға аэровизуалды барлау жүргізіліп, барлау барысында картографиялық мәліметтер құрастыру арқылы табиғи өрттер сөндіру кезінде авиотехникамен су алу жерлері қаралды.

 

БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы