Антонина Александровна Филимонова

Антонина Александровна Филимонова

Антонина Александровна Филимонова 1928 жылы 10 наурызда Ақжайық ауданы Чапаев ауылында дүниеге келген, тыл еңбеккері, еңбек жолын 1951 жылы қыркүйекте балалар үйінде санитар болып бастаған.
1965 жылдың қараша айынан бастап Орал кәсіби күзет жасағының өрт сөндіру командасында жұмыс істеді. Қызмет ету кезеңінде ол өз күшін өз ісіне арнап, өрт сөндіру бөлімінде тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ете отырып, өзін жақсы жағынан, жанашыр, тәртіпті жұмысшы ретінде көрсетті. Өрт сөндіру қарауылының күрделі және ірі өрттерге шыққан кезде өрт сөндіру бөлімінің жанында қалып, тамақ дайындауды және жылытуды қамтамасыз етіп, жеке құрамға өрттен кейінгі жауынгерлік киімді жуу және кептіру кезінде көмек көрсетті.
1990 жылғы желтоқсан айында Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының 82 дербес әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінің үй-жайларын тазалаушы лауазымынан демалысқа шықты.
Антонина Александровна өзінің ұзақ жылғы жұмысы үшін Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасының және мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының өрт күзеті бөлімінің басшылығымен бірнеше рет, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс медальдары және басқа да наградалармен марапатталған.
Қазіргі уақытта Антонина Александровна ұйымдастырылған салтанатты іс-шараларға қатыса отырып, өртке қарсы қызметпен байланысын жалғастыруда.