Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Қазақстан халықтарының бірлігі күні

27 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратында Қазақстан халықтарының бірлігі қарсаңында Ассамблея өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – қызметкерлерді тәрбиелеу, ұлтаралық келісімді нығайту.

1 мамыр күні елімізде ең маңызды мерекелердің бірі - Қазақстан халықтарының бірлігі күні атап өтіледі. 150-ден астам ұлт өкілдері тұратын Республикамызда бейбіт өмір сүру үшін достық, түсіністік пен келісім қажет.

Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Рашид Бекетұлы Блялов жиынды ашып, құттықтады: «Татулық пен келісімнің нұрына малынған 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен құттықтаймын! Ұлтаралық келісім мен достықтың одан әрі нығаюына атсалысып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілеймін!».

Дөңгелек үстелге Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық» келісім» мекемесі басшысының орынбасары Махамбет Амантайұлы Сұлтанғалиев, «Корей этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бэла Владимировна Тю, татар мәдени орталығының өкілдері Нурия Вильдаровна Габдрахманова, Дамира Абдуловна, «Орал-Жайық казактары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Вадим  Валерьевич Самохвалов, БҚО Төтенше жағдайлар бойынша ардагерлер ұйымының төрағасы Серик Габдижанович Кусаинов, БҚО Төтенше жағдайлар бойынша ардагерлер ұйымының мүшесі Тілекқабыл Алгалиевич Саутов қатысқан болатын.

Кездесуге келген әр қонақ өз ұлтының салт-дәстүрі, елдегі тыныштық пен келісім жайында сөз қозғап, бірлік бар жерде береке бар екеніне тағы да көз жеткізді.

Тілекқабыл атаға алғашқы сөз кезегі сөз беріліп, жас кезінен араласқан өзге ұлт өкілдері туралы, олар жайында қызықты естелік әңгімелерімен бөлісіп, езуге күлкі үйірді.

Іс-шара соңында Рашид Бекетұлы келген қонақтарға Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының атынан Алғыс хат табыс етті.