Ағымдағы жылдың 25 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиналысқа облыстық азаматтық қорғау қызметтері және қала, аудан әкімдері қатысты.
Отырыс барысында күн тәртібіне сәйкес 3 мәселе қаралды. Биылғы көктемгі су тасқының қортындысы туралы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Сапарұлы Өтегенов баяндады. Облыс әкімі алдағы 2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын жүргізу үшін кешенді жоспар жасақтап, барлық дайындық жұмыстарын кешенді жоспар аясында жүргізуді тапсырды.
Табиғи өрттер мен жанудың алдын алу және сөндіру үшін бүгінгі күні елді мекендерде 2206 адамнан тұратын 152 ерікті өртке қарсы құралым құрылды. Қоғамдық бірлестік нысанында 212 адамнан тұратын 13 ерікті өрт сөндіру құрылымдары құрылды. Қазіргі таңда, рейдтік іс-шараларды өткізу мақсатында облыс бойынша азаматтық қорғау, полиция, орман шаруашылығы органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және волонтерлік ұйымдардың өкілдерінен құрамында 74 адамы бар 14 мобильді топ құрылды. Бүгінгі күні мобильді топтармен 51 рейдтік іс-шара өткізілді, онда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 26 тұлға (әкімшілік істердің 25-і АҚО қызметкерлерімен, 1-уі Экология департаментімен толтырылды) жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ рейдтер барысында 691 адамға жадынамалар таратылып, өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін 69 орын анықталды. 2022 жылғы шомылу кезеңінде облыс бойынша 22 жағажай орнатылады, оның тек 9 қаулымен анықталған (3 – коммуналдық, 6 – жеке). Облыста 32 рамалық-модульдік бассейн бар, олар балалар мектеп жанындағы лагерьлерде жұмыс істейтін болады. Облыстың 556 білім беру мекемесінде су объектілерінде қауіпсіздік бұрыштары құрылды.
Кеңес аяқталғаннан кейін облыс әкімі жауапты лауазымды тұлғаларға нақты орындау мерзімі бар тапсырмалар берді.
Жаз кезіндегі өрттің және суға шомылу кезіндегі қауіпсіздіктің қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.
БҚО ТЖД ТЖАБ