Жасақтағы ашық есік күні

Жасақтағы ашық есік күні

Шомылу маусымына дайындық аясында «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қаласы)» ММ жедел-құтқару жасағы республикалық физика-математика мектебінің оқушыларына есігін айқара ашты.

Ашық есік күні жасақтың оқу-жаттығу базасының аумағы бойынша экскурсиялар өткізілді. Экскурсия барысында балалар жасақтың құрылу тарихы, арнайы техника және авариялық-құтқару жабдықтары, сүңгуірлік жабдықтар мен жасақтың қарулануында тұрған құтқару құралдары таныстырылды.

Құтқарушылар қонақтарға шомылу кезеңіндегі су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін, зардап шеккендерді құтқару және алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету тәсілдері туралы айтып берді. Сонымен қатар, құтқарушылар балаларға жасақтың күнделікті жұмысының жарқын мысалдарымен, құтқарушы мамандығының маңыздылығымен бөлісті.

Оқушылар оқу-жаттығу полигонында альпинистік жабдықтарды пайдалана отырып, құтқарушылардың күнделікті практикалық сабақтарына куә болды, жасақтың кинологиялық қызметінің қызметтік иттерімен танысты.

Құтқарушылар балаларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріп, судағы қауіпсіздік жөнінде жадынамалар таратты. Экскурсияға 50 оқушы мен 3 оқытушы қатысты.