Қатты жел кезінде шатырларды ұшырып әкетуге жол бермеу шаралары

Қатты жел кезінде шатырларды ұшырып әкетуге жол бермеу шаралары

Қатты жел мен дауылдар – қауіпті табиғат құбылыстарының бірі. Олардың салдарынан елді-мекендердегі ғимараттар мен құрылыстарға айтарлықтай зақым келетіні белгілі.

Батыс Қазақстан облысының аумағында 2022 жылдың басынан бастап метеорологиялық қауіпті құбылыстардың (қатты жел, дауылдар) салдарынан Батыс Қазақстан облысының 12 ауданында 19 ғимарат шатырларында ұшу оқиғалары орын алды.

Ғимараттардың шатырларының ұшу оқиғаларының орын алуының басты себептері:

-  сапасыз шатыр материалдарын қолдану;

-  шатыр бекіткіштердің әлсіреуі;

-  шатырлардың төбедегі ағаш конструкцияларға немқұрайлы бекітілуі;

- ұзақ уақыт бойы жөнделмеген немесе оны жөндеу үшін сапасыз шатыр материалдары қолданылуы

- құрылыс немесе күрделі жөндеу кезінде жүк көтергіш элементтерді монтаждау дұрыс жүргізілмегенін көрсетеді.

Жоғарыда аталған себептерді ескере отырып, мекемелар мен ұйымдардың басшыларына және облыс тұрғындарына келесі іс-шараларды орындауға ұсынады:

  1. Құрылыс кезінде жел жүктемелерін ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларын күшейту және қолайсыз климаттық факторлардың әсерінен құрылымдардың жай-күйіне тұрақты бақылауды жүзеге асыру.
  2. Объектілерде жүргізілген күрделі жөндеу және қолайсыз ауа райы жағдайларының салдарынан объектілер конструкцияларының бұзылуына ұшырау ықтималдығы бойынша ғимараттар мен құрылыстардың ескірген, берік емес конструкцияларын бөлшектеу, өндірістік, тұрғын үй және өзге де ғимараттарды нығайтылуын қадағалау.
  3. Сапасыз шатыр материалдарын қолданбау.
  4. Тұрғын үйге құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асырған кезде атқарылған жұмыс сапасына тиісті бақылау жүргізуді қамтамасыз ету.