Табиғаттағы демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау

Табиғаттағы демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау

Табиғаттағы демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау

Жылы ауа-райының басталуымен қала тұрғындары пикниктер ұйымдастыруға, табиғатқа жиі барады, олар демалыс орнында от жағады. Орманның ең қорқынышты жауы әрқашан от болып табылады. Қазіргі уақытта көбінесе ормандардың өртенуіне адамның өзі кінәлі. Ормандардағы өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтай отырып, Сіз табиғатты қорғап, ауқымды апаттың алдын ала аласыз. Ормандардағы өрт қауіпсіздігі тек біздің отқа деген дұрыс көзқарасымызға байланысты. Табиғатта қарапайым мінез-құлық ережелерін сақтай отырып, орман өрттерінің санын едәуір азайтуға болады. Ормандардағы өрт қауіпсіздігінің жалпы ережелері:
- отты қолданыстағы нақты ережелерге сәйкес жағыңыз;
- сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелерді ойланбастан лақтырмаңыз;
- орманда өрттің шамалы белгілері байқалса, оларды жою бойынша барлық шараларды дереу қолданыңыз;
- орман қызметкерлерін өрт оқиғасы туралы хабарлауды ұмытпаңыз;
- егер Сіз өртті өзіңіз сөндіре алмасаңыз, ол туралы 101 немесе 112 бірыңғай құтқару телефоны арқылы хабарлаңыз.
Өрт қаупті кезеңде табиғатта отсыз демалған жөн!

БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы