МӨБ басқармасының бастығы Жұмағалиев Мереке Бауыржанұлы 18 сәуірде Жәнібек ауылының Қазпошта бөлімшесінде болған өрт бойынша түсініктеме берді:
«Шақыру орнына жеткен кезде Казпочта бөлімшесінің халыққа қызмет көрсетуге арналған үй-жайының шатыры мен төбе жабыны жанып жатқаны белгілі болды. Өрт аумағы 72 шаршы метр құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Департаменттің жеке құрамынан 8 адамы және 2 дана техника жұмылдырып, оқшауланды және толығымен жойылды.
Қазіргі уақытта Департаменттің анықтау бөлімінің қызметкерлері мен зерттеу сынақ өрт зертханасының мамандары, сондай-ақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өрттің себебін және кінәлі адамдарды анықтау бойынша жұмыс істеуде.
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды еске саламыз. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз.»