Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында төтенше жағдай жарияланған кезде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырысқа комиссия құрамы, яғни облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармалары, «Казгидромет» РМК БҚОФ, «Казсушар» РМК БҚОФ, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында ҚР ІІМ 2015 жылғы 23 қаңтардағы №46 бұйрығына сәйкес Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды және апаттарды тергеп-тексеру мәселелері қаралды.
Сондай-ақ жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың туындауына әкеп соққан себептерді тергеп-тексеру бойынша сұрақтар тізімі дайындалды.
Тергеп-тексеру жұмыстары 2023 жылдың 12 сәуірінен бастап 12 мамыр аралығында жүргізіледі.