
2023 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде облыстың бұзылған жолдары бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы ақпарат
Батыс Қазақстан облысының аумағында облыстың 4 ауданында (Шыңғырлау – 7 жергілікті маңызы бар, Қаратөбе – 1 облыстық маңызы бар және 1 жергілікті маңызы бар, Бөрлі – 1 Республикалық маңызы бар және Бәйтерек – 1 жергілікті маңызы бар) жол төсемінің 11 шайылу фактісі (1 – Республикалық, 1 – облыстық және 9 – жергілікті маңызы бар) тіркелді.
Анықтама: бүгінгі таңда 104 шақырымда "Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы" айналма жолы жұмыс жүргізілуде.
Облыстық маңызы бар Жымпиты-Қаратөбе жолының 102 шақырымында айналма жол бар, жеңіл автомобильдерге кіру мүмкіндігі қарастырылған. Қалпына келтіру жұмыстары 12.04.2023 жылы аяқталды.
Қаратөбе-Қаракөл автожолының 38 шақырымында қосымша құбырлар салуға қаражат көзделеді.
Шыңғырлау-Ардақ-Ақтау автожолының 60 шақырымында уақытша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, облыстық бюджеттен қосымша қаражат бөлінгеннен кейін төселген топырақ бетінің бетон плитасы қосымша төселетін болады.
Шыңғырлау-Ақшақат-Сегізсай автожолының 39 және 52 шақырымында, Шыңғырлау - Алмазный автожолының 9 шақырымында уақытша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, облыстық бюджеттен қосымша қаражат бөлінгеннен кейін су өткізу құбырлары орнатылады.
Шыңғырлау-Ақшақат-Сегізсай автожолының 108 және 107 шақырымында айналма жол бар, облыстық бюджеттен қосымша қаражат бөлінгеннен кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.
Ащысай және Мырзағара ауылдарының арасында (ауылдар арасында 2 км). Басқа айналма жол бар, облыстық бюджеттен қосымша қаражат бөлінгеннен кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Переметное – Шалғай (Бәйтерек ауданы) автожолының 28 шақырымында айналма жол бар, облыстық бюджеттен қосымша қаражат бөлінгеннен кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.