
Есірткісіз өмірді таңда!
Есірткілік заттар - бұл уақытша қуанышқа кенелтетін, тәуелділікті тудыратын улы заттар. Есірткі қолданған адам уақытша психикалық және физикалық ауырлықтан арылып, жеңіл сезімде болады. Есірткіге тәуелділік әдетте психобелсенді заттарды бірнеше рет тұтынудың нәтижесінде пайда болады. Мысалы, героинге тәуелділік бір ай тіпті одан да аз уақытта пайда болуы мүмкін. Организм «психоактивті заттарға» үйренген кезде тәуелділік пайда болады. Бұл зат болмаса, оған үйренген адам онсыз өмір сүре алмайды. Ағза психоактивтік затты «талап ете бастайды», ал адамдарда бұл «талап» жағымсыз, ауыр физикалық және психикалық сезімдер түрінде көрінеді. Жағдайын жақсарту үшін тәуелділікке ие науқас қайтадан есірткі қабылдау керек.
Есірткі заттар - орталық жүйке жүйесіне әсер ететін улы заттар. Есірткіні үнемі қолданған кезде адамдар он жылдан астам уақыт өмір сүрмейді. Нашақорлар стерильді емес шприцтерді қолданғандықтан, олардың арасында СПИД, гепатит және басқа да көптеген қан арқылы ауруларды жұқтыру қаупі жоғары. Есірткіден бұрын осы аталған аурудан қаза болғандар саны жетерлік. Көптеген адамдар өз-өзіне қол жұмсайды немесе зорлықпен өледі.
Нашақорлықты емдеу өте қиын. Есірткінің алдын алу оңай емес. Бұл бір немесе бірнеше адам емес, бүкіл адамзатқа қатысты. «Нашақорлық» деген сөздің артында қаншама мұң жатыр? Қаншама ауырлық, қасіретке толы өмір жатыр? Есірткіні татып көрмес бұрын, әлі де ойланыңыз: сізге ине арқылы берілетін көптеген аурулар керек пе? Есірткісіз өмірді таңдаңыз!
ҚР ТЖМ «Апатты медицина орталығының
БҚО бойынша филиалы» ММ фельдшері М. Т. Жумабвева