
2023 жылы 7 ақпан күні БҚО ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Нұралы Қажымұқанұлы Мүсиев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық» тақырыбында сөз сөйледі.
Облыс аумағында елдімекендерді су тасқыны қаупінен қорғау мақсатында Жол картасы және инженерлік жұмыстар жоспары шеңберінде іс-шаралар кешені өткізілуде. Осылайша, облыс бойынша су тасқынына қарсы 80 іс-шара орындалды (8 – Жол картасы және 63 инженерлік жұмыстар жоспары бойынша), сондай-ақ жоспардан тыс қосымша 9 елдімекенде қорғаныс бөгеттерін орнату және нығайту жұмыстары жүргізілді.
3 мыңнан аса адам, 700-ге жуық техниканы, 69 жүзу құралдары және 265 мотопомпаны құрайтын күштер мен құралдар топтамасы дайындалды.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының алдын ала гидроболжамына сәйкес, Утва, Шежін-2, Деркөл, Шаған, Өлеңті және Шідерті өзендерінің бассейндеріндегі ылғал қорының көлемі орташа көпжылдық мәндерден 33 – 96%-ға төмен.
Жер тоңының күзгі ылғалдану көрсеткіші орташа көпжылдық мәндерден 33 – 104%-ға жоғары (Утва, Шежін-2, Деркөл, Шаған, Өлеңті және Шідерті өзендері).
Сондай-ақ, алдын ала гидроболжамға сәйкес, облыс су тасқыны қаупі жоғары өңірлердің қатарына кіреді.
Жалпы облыста бүгінгі таңда су тасқыны жағдайы тұрақты. Дайындық жұмыстары жалғасуда.