«2022-2023 жылдары жылу беру кезеңінің өту барысы»

«2022-2023 жылдары жылу беру кезеңінің өту барысы»

Бүгін Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау  басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мереке Бауыржанұлы Жұмағалиев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «2022-2023 жылдары жылу беру кезеңінің өту барысы» тақырыбында сөз сөйледі.

Батыс Қазақстан облысының аумағында ағымдағы жылдың жылу беру кезеңінде (1 қазаннан бастап) тұрғын үй секторында 127 өрт тіркелді. Өткен кезеңмен салыстырғанда өрттер саны 9,5%-ға артты (2021-2022жж. – 116 өрт). Өрт салдарынан 5 адам қаза тапты (2021-2022жж. – 1), 1 адам жарақаттанды (2021-2022жж. - 4 адам). Өрт туындамай улы газбен 2 адам уланды (2021-2022жж. – 0).

Айта кету керек, ағымдағы жылдың қаңтар айында өрттердің күрт өсуі байқалды. Осылайша, облыс аумағында 56 өрт тіркелді, бұл       2022 жылмен салыстырғанда 30%-ға көп (2022 ж. - 43 өрт).

Бәріне мәлім, өрттер көбінесе адамдардың оған деген немқұрайлы көзқарасынан туындайды.

Өрттердің басым көпшілігі адамдардың өртті абайсыз пайдалануынан орын алды (30%, 37 жағдай). Әрбір төртінші өрт (25%, 32 жағдай) электр жабдықтарын орнату және пайдалану ережелерін бұзу нәтижесінде, әрбір бесінші өрт (20%, 27 жағдай) пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу нәтижесінде орын алды.

Пәтерлерде және тұрғын үйлерде тез тұтанатын заттар, синтетикалық бұйымдар мен түрлі тұрмыстық техниканың болуы өрттің туындау мүмкіндігін арттырады, тіпті ең болмашы өрт адамнын өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті болуына жағдай жасайды, себебі синтетикалық материалдардың жануы кезінде улы газдар көп мөлшерде бөлінеді.

Мемлекеттік өрт бақылау  басқармасы