
Ағымдағы жылғы 20 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен 2023 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындық туралы кеңес өткен болатын. Отырыс барысында облыстағы және көршілес мемлекеттегі метеорологиялық жағдай туралы сонымен қатар, алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы мәселелер қаралды.
Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Сапарұлы Өтегенов су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары туралы айтып өтті.
Сондай-ақ, облыстағы метеорологиялық жағдай туралы облыстық «Қазгидромет» филиалының басшысы Тілеген Шапанов баяндады.
Отырыста облыстық комиссияның барлық мүшелері қабылданып, күн тәртібіне сәйкес барлық өзекті мәселелер қаралды.
Кеңес аяқталғаннан кейін төраға жауапты лауазымды тұлғаларға нақты орындау мерзімі бар тапсырмалар берді.
БҚО ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы