
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыстық
отбасылық үлгісіндегі балалар ауылында қысқы кезеңде, оның ішінде су айдындарында балалар жарақаттануына жол бермеу және жаңа жылды мерекелеу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында, сондай-ақ құтқарушы мамандығымен танысу үшін «Балалар жылын» қорытындылай келе, «Көңіл көтер және біл» форматында іс-шара ұйымдастырды, қызметкерлер «Аю Тедди мен айдаһар» костюмдерін киіп, балалардың көңілін көтеріп, дөңгелене биледі.
Іс-шара барысында Қызметтің жедел-құтқару жасағының психологы конкурстар мен көңілді ойындар ұйымдастырды, Апаттар медицинасы орталығының фельдшері «Максим» тренажерінде жүрек-өкпе реанимациясының әдістерін көрсетті, сондай-ақ, департамент аппаратының мамандары «Су айдындарындағы қауіпсіздік», «Қысқы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігі», «Балалардың отпен ойнауы», «Сейсмикалық қауіпсіздік» тақырыптары бойынша сөз сөйледі. Соңында балаларға өрт-құтқару техникасы мен құтқарушылардың жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылды.
Балаларға бәрінен бұрын «ТРЭКОЛ» жол талғамайтын көлікпен жүру ұнады. Іс-шара соңында барлық балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.
Облыстық отбасылық үлгісіндегі балалар ауылының басшылығы төтеншеліктер ұжымына жаңа жыл қарсаңында көрсеткен сыйы мен профилактикалық қызықты ойындары үшін зор алғысын білдіріп, Алғыс хат табыс етті.