Республикалық «ҚЫС - 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығу

Республикалық «ҚЫС - 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығу

Республикалық «ҚЫС - 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығу

 

Ұйымдастырушылық нұсқаулыққа сәйкес Батыс Қазақстан облысы республикалық «Қыс-2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуға белсене қатысты.

Жаттығу барысында дабылдардың түсуіне қарай облыстық азаматтық қорғаудың қызметтері «күнделікті қызмет» режимінен «жоғары дайындық» және «төтенше жағдай» режимдеріне көшірілді.

Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимиылдар жоспарына және облыстың басқару органдарын құлақтандыру сызбасына түзетулер енгізілді.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияларының, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының жедел штабтары отырыстары өткізілді. Шұғыл ден қою жасақтары сапқа тұрғызылды.

Жалпы облыс бойынша азаматтық қорғаудың 15 қызметі, 217 құрылымдары, 328 адам және 108 техника дайындық күйіне келтіріліп, жаттығуға қатысты.

Жаттығу барысында облыстың барлық өңірлерінде тіршілік қамтамасыз ету және жол қызметі нысандарында төтенше жағдайларды жою бойынша тәжірибелері пысықталды. Жаттығу жоспарына сәйкес барлығы 54 кіріспе пысықталып, оның ішінде 28 кіріспе тәжірибе жүзінде пысықталды.

Жаттығу аясында Департаменттің дағдарыс жағдайларында басқару басқармасы мен Ресей Федерациясы ТЖМ Саратов облысы бойынша бас басқармасы арасында жедел жағдай бойынша өзара ақпарат алмасу мәселелері де пысықталды. Төтенше жағдайлар орын алу қаупі төнген кезде өзара бірлескен іс-қимылдар жоспары мен алгоритмдері нақтыланып, өзгерістер енгізілді.

Жалпы оқу-жаттығу кезінде авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау қызметтерінің қысқы кезеңде құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды атқаруға дайындығын тәжірибе түрінде тексеруге басты назар аударылды.

Облыстық штабпен республикалық штабқа барлығы 54 кіріспе пысықталып, олар бойынша қалалық және аудандық штабтардан баяндаулар қабылданды.

Облыстың қысқы кезеңге дайындығы бойынша:

Облыс бойынша тіршілік қамтамасыз ету нысандарының қысқа дайындықтарына тексерістер ұйымдастырылып, өткізілді.

Облыс аумағындағы автомобиль жолдарында барлығы 204 қар басу қаупі бар учаске бар, оның ішінде республикалық жолдарда жалпы қашықтығы 215 шақырымды құрайтын 90 учаске, облыстық жолдарда жалпы қашықтығы 275 шақырымды құрайтын 114 учаске. Автомобиль жолдарында 140 бірлік техника дайындалды, оның ішінде: республикалық жолдарда – 54 техника, облыстық жолдарды – 86 техника.

Жолдарды күтіп ұстауға 18 мың тоннадан астам инерттік материалдар, 177 тонна жанар-жағар май және 200 дана уақытша жол белгілері дайындалды.

 

Электрмен қамтамасыз ету бойынша: қысқа дайындық барысында 2572 электр бағандары сатып алынып, 2141 баған орнатылды. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен өтімділдігі жоғары 16 техника сатып алынды. Жалпы 139 техника дайындыққа келтірілді.

 

Жылумен қамтамасыз ету бойынша:

- №3 станцияның БКЗ-75-39 ГМ қазандығының бу қыздырғышының 1 және 2 сатылары құбырларын ауыстыру аяқталды;

- №3 станцияның БКЗ-75-39 ГМ қазандығының су құбырларын ауыстыру аяқталды;

- ұзындығы 5,781 км. (оның ішінде 0,204 км. қазандықтардың желілері), жалпы сомасы 204,3 млн.теңге құрайтын жылыту желілеріне күрделі жөндеу жүргізу жұмыстары 100 пайызға аяқталды. Жалпы 2021-2022 жылдардың жылыту кезеңі технологиялық ақаусыз өтті. Жылу беру қысқа уақытқа ғана тоқтатылып, нормаға сәйкес мерзімде ақаулар жөнделіп, қалпына келтіріліп отырды.

 

Газбен қамтамасыз ету бойынша: «ҚазТрансГазАймақ» АҚ БҚӨФ 2022-2023 жылдардағы қысқы кезеңде ТЖ алдын алуға және жоюға 363 адам және 56 бірлік техника дайындыққа келтірілді. Қысқы кезең басталғанға дейін барлығы 2000 км-ден астам жер үсті және жерасты газ құбырлары тексерілді, 13 бірлік техника 29 адамнан тұратын 13 апаттық бригада бар.

 

Жалпы азаматтық қорғаудың облыстық жүйесі қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайын.