Әскерге шақырылушыларды психологиялық іріктеу

Әскерге шақырылушыларды психологиялық іріктеу

Әскерге шақырылушыларды психологиялық іріктеу

 

Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызды өтеу - әрбір азаматтың борышы және конституциялық міндеті. Әскерде қызмет ету мемлекеттік жүйеде басты патриоттық буын, сондай-ақ жастарға арналған өмір мектебі бар.

ҚР ТЖМ әскери бөлімдерін жасақтау мақсатында  Батыс Қазақстан облысы ТЖД және Қорғаныс істері департаменті бірлесе отырып, әскерге шақырушыларды медициналық, психологиялық жағынан зерделеу жұмыстарын жүргізді. Әскер  күшті және өзіне сенімді адамдарды тәрбиелейді, сондықтан әскерге шақыру кезінде әр жас жігіттің жүйке-психикалық тұрақтылығына көп көңіл бөлінеді, оның әскери қызметке жарамдылығы анықталады. Өткізілген тестілеу, әскери өмірге ынталандыруға арналған әңгімелер, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен және жеке проблемалармен танысу болашақ сарбаздардың ішкі жағдайын және олардың қызметке дайындығын дәл көрсетуге мүмкіндік береді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Батыс Қазақстан облысынан № 28237, № 68303 әскери бөлімшелеріне 30 сарбаз жөнелтілді.

 

БҚО ТЖД ПҚТ бас маман-психологі

азаматтық қорғау майоры                                                                  А.Махимова