
2022 жылғы 5 қараша күні орманға саңырауқұлақ жинауға кетіп жоғалған 1949 жылы туған Ю.И. Браслевичті іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Іздестіруге БҚО ТЖД жедел құтқапру жасағынан 6 құтқарушы, 1 кинологиялық есеп, полиция департаментінен 4 қызметкер, № 5517 әскери бөлімнен 100 әскери қызметші, 3 кинологиялық есеп, тұрғындардан — 2 және еріктілер жұмылдырылды.
Осыған байланысты, жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін Төтенше жағдайлар департаменті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтарын қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:
- қарттар мен балаларды орманға жалғыз жібермеңіз;
- орманға барған кезде туыстарыңыз бен достарыңызға маршрут пен үйге қайту уақытын айтып кетіңіз;
- ұялы телефонды толықтай қуаттап алыңыз және теңгерімді толтырыңыз, ұялы телефоннан басқа, механикалық сағаттың болғаны жақсы;
- алыстан көзге шалынатын ашық, қанық түсті киімдер киіңіз;
- жол қапшығыңызда барлық қажетті заттар болу керек: ысқырық, сіріңке, компас, азық-түлік, су, алғашқы медициналық көмек қобдишасы, балта, жәндіктерге қарсы құрал, от жағуға арналған құрғақ спирт таблеткалары.