
2022-2023 жж. жылу беру кезеңінде өткізілетін іс-шаралар туралы
Батыс Қазақстан облысының аумағында ағымдағы жылдың жылу беру кезеңінде (1 қыркүйектен бастап) барлығы 40 өрт тіркелді, онда қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өрттер саны (2021 ж. - 41) мен жарақат алғандар саны (2021 ж. - 1) 1 жағдайға азайды
2022-2023 жж. жылу беру кезеңінде жылу және энергиямен қамтамасыз ету объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі Департаменттің ерекше бақылауында.
2022 жылдың 3-тоқсанында осы санаттағы тексеру нәтижелері бойынша 8 объектіде («Жайықжылуэнерго» АҚ 6 объектісі, энергиямен қамтамасыз етудің 2 объектісі) өрт қауіпсіздігі талаптарының 27 бұзушылығы анықталды, жіберілген бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 229725 теңгеге 3 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторындағы өрттермен және тұрмыстық газбен уланумен байланысты төтенше жағдайлар саны күрт артады.
Соңғы 3 жылда тұрмыстық газ тұтынушылар объектілерінде табиғи газбен улану себебінен 3 адам қаза тауып, 33 адам түрлі дәрежедегі улануға ұшырады.
Өрттердің, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының, сондай-ақ адамдардың улы газбен улануының алдын алу мақсатында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті жыл сайын 2 кезеңде тұрғын үй секторында рейдтік іс-шаралар өткізіп, халықпен профилактикалық жұмыстар жүргізеді. 1-ші кезең 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін жылу беру кезеңіне дайындық барысында, ал 2-ші кезең 15 қыркүйектен бастап жылу беру кезеңі аяқталғанға дейін өткізіледі.
Дәстүр бойынша, облыс аумағындағы жылыту кезеңі 15 қазаннан басталады. Алайда, БҚО ТЖ департаменті алдағы жылыту кезеңіне дайындық жұмыстарын алдын ала (15 тамыздан бастап) бастады.
Профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылар санатына ерекше назар аударылады. Қазіргі уақытта Департаментпен осы санатқа жататын 1214 отбасы есепке алынды.
Профилактикалық іс-шараларды өткізудің бірінші кезеңінде Департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп барлық 1214 үйді аралады.
Тексеру жүргізу кезінде 1214 үйдің 705-де өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған, оның ішінде автономды жылыту жүйелерімен байланысты 270 бұзушылық, электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалануға байланысты 559 бұзушылық және басқа 95 бұзушылық анықталды. Қазіргі уақытта бұл үйлерге қайта бару жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп қалған тұрғын үй секторын аралау жұмыстарын жүргізуде. Осылайша профилактикалық жұмыспен 59320 адам қамтылып, 25210 тұрғын үй араланды.
Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылдау мақсатында Департаментпен «Жатақхана» профилактикалық іс-шаралары жүргізілді. Аталған іс-шара аясында Департамент бөлімшелері Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметімен, жергілікті атқарушы органдармен, газ-техникалық инспекциямен бірлесіп облыс бойынша 5681 адамды қамтитын 35 жатақхана мен тұрғылықты жерінен өтті.
Өртте адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алуға бағытталған іс-шаралардың бірі тұрғын үйлерде улы газ датчиктерін орнату болып табылады.
Ағымдағы жылдың жылу беру кезеңі басынан бастап (2022 жылғы 15 тамыздан бастап) тұрғын үйлерде газ қызметтерімен 3507 табиғи газ датчигі орнатылды, әкімдіктер мен демеушілік көмек көрсету есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне 59 улы газ датчигі және 23 табиғи газ датчигі орнатылды, қазіргі уақытта тағы 72 улы газ датчигі сатып алынды.
Соңғы 3 жылда тұрғын үйлерде әкімдіктер мен демеушілік көмек есебінен 1153 улы газ датчигі орнатылған болатын.
Сонымен қатар, облыста 2022 жылы тұрмыстық газ баллондардың жарылуының 3 өрт оқиғасы тіркелді, онда 1 адам жарақат алды (2021-5). Ескі және мерзімі өтіп кеткен газ баллондарды қолданатын халықтың негізгі бөлігі қаланың шетінде немесе ауылдық елді-мекендерде орналасқандығы жағдайды қиындатады. Тұтынушылардың көпшілігі, әдетте, өз баллондарын жақын маңдағы тұрмыстық баллондарды толтыруға құқығы жоқ автогаз құю станцияларында толтырады және бұл әрекеттері заңсыз болып табылады.
Қазіргі таңда азаматтарға тұрмыста өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру мен жеткізудің ең қолжетімді тәсілі кең ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Осы жұмыс аясында 2022 жылдың 10 айында бұқаралық ақпарат құралдарында 931, әлеуметтік желілерде 1335 ақпарат жарық көрді. Облыс тұрғындары мен ұйымдары арасында 514 дәріс және жиын өткізілді, сондай-ақ БАҚ өкілдерімен 45 брифинг, 31 дөңгелек үстел өткізілді. Білім беру мекемелерінің көмегімен «Whatsapp» мессенджеріне ата-аналар чаттарына өрт қауіпсіздігі бойынша 10 бейнеролик таратылды.
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!
Осы жағдайды пайдалана отырып, тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау туралы тағы да еске салғымыз келеді. Жылыту пештерін, газ қондырғыларын және электр жылыту құралдарын пайдалану кезінде барлық қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Балаларды үйде үлкендердің қарауынсыз жалғыз қалдырмаунызды сұраймыз.