Қыс мезгілінде төтенше жағдайларға ден қоюға дайындық туралы

Қыс мезгілінде төтенше жағдайларға ден қоюға дайындық туралы

 2022 жылғы 8 қараша күні өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Қабиболлаұлы Доспаев «Қыс мезгілінде төтенше жағдайларға ден қоюға дайындық туралы» тақырыбында сөз сөйледі.

Батыс Қазақстан облысы аумағында қыс кезеңі әдетте қардың қалың түсуімен, борандармен сипатталады.

Төтенше жағдайларға жедел әрекет ету, оның салдарын барынша азайту және адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында Азаматтық қорғаудың аумақтық жүйесін қысқы кезеңде әрекет етуге дайындауға бағытталған алдын ала іс-шаралар кешені жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде облыстық Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді, онда коммуналдық қызметтер мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің алдағы қысқы кезеңге дайындығы туралы мәселе қаралды.

Облыс бойынша 2022-2023 ж.ж. қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға жұмылдыру үшін 2031 адам және 671 техника, оның ішінде өтімділігі жоғары 70 техника дайындалды.

Облыс тұрғындарына қыс мезгілінде түрлі сипаттағы қауіптер туралы ұялы байланыс операторлары (Kcell, Вelline, Теле2, Aсtiv), сондай-ақ, «Дармен» қосымшасы және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарланып отырады.

Қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың көпшілігі автомобиль жолдарында орын алады.

Облыс бойынша автомобиль жолдарында 204 қар басу қаупі бөлік бар (республикалық маңыздағы жолдарда ұзындығы 215 км. құрайтын 90 бөлік, облыстық маңыздағы жолдарда ұзындығы 275 км. құрайтын 114 бөлік).

2021-2022 жылдардағы қысқы кезеңде 12 қар құрсау оқиғасы тіркелді, БҚО ТЖД құтқару бөлімшелері автожолдың тазартылған учаскесіне 67 бірлік техника, 69 адам құтқарылды.

Бүгінгі күні республикалық маңыздағы жолдарда 12 700 м. темірбетонды қар ұстау қалқандары орнатылған. Облыстық маңыздағы жолдарда ұзындығы 3 км құрайтын 1200 дана ағаш қар ұстау қалқандары орнатылған.

19 жылыту пункттері дайындалды.

Жол қызметі ұйымдары 1 875 тонна техникалық тұз, 13 410 тонна құм-гравий қоспасын, 4 705 құм-тұз қоспасын, 45 тонна бензин және 132 тонна дизельдік отын дайындады. 140 бірлік арнайы жол көліктері дайындалды (респ. – 54 бірлік, обл. – 86 бірлік).

Электрмен қамтамасыз ету бойынша

Батыс Қазақстан облысының аумағында 28 электр тарату станциясы бар. Қысқы кезеңге 139 бірлік техника, 438 адам дайындыққа келтірілді.

2021 жылы жергілікті бюджеттен «Батыс Қазақстан ЭЖТК» ЖШС-ға өтімділігі жоғары 16 бірлік техника сатып алынды.

Облыс бойынша әлеуметтік нысандарда электр энергиясының авариялық сөну жағдайларына 672 бірлік автономды электр энергиясы көздері бар.

Биылғы қысқы кезең басталысымен Орал қаласында және облыстың 9 ауданында электр қуатының айырылуы тіркеліп, 20576 абонент электр жарығынсыз қалды.

Сумен жабдықтау бойынша

Сумен жабдықтау және бұру желілеріндегі авариялық жағдайларды жедел жою үшін кәсіпорында тәулік бойы орталық диспетчерлік қызмет жұмыс істейді. Су құбыры және су бұру желілерін пайдалану және қызмет көрсету бойынша 16 авариялық-қалпына келтіру бригадасы жұмыс істейді.

Газбен жабдықтау бойынша.

«ҚазТрансГазАймақ» ЖШС 2022-2023 жылдардағы қысқы кезеңде ТЖ алдын алуға және жоюға 363 адам және 56 бірлік техника дайындыққа келтірілді. Қысқы кезең басталғанға дейін барлығы 2000 км-ден астам жер үсті және жерасты газ құбырлары газдың ағып кетуіне тексерілді.

Биылғы жылдың 24-25 қараша күндері «Қыс-2022» РКШОЖ аясында қысқы кезеңнің ықтимал төтенше жағдайларын жою кезінде облыстық шұғыл ден қою жиынтық жасағының құрамындағы облыстық Азаматтық қорғау қызметтерінің іс-қимылдары бойынша практикалық іс-шаралар тексерілетін болады.

 

Облысымыздың тұрғындары мен қонақтарына қысқы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша кеңестерді тағы бір естеріне сала кеткім келеді:

Қысқы кезеңде жолға шықпастан бұрын барлығын мұқият жоспарлап, кемінде алдағы екі тәуліктің ауа райы болжамын біліп алыңыз.

Әрбір көлікте қысылтаяң кезде өміріңізді сақтап қалуға мүмкіндік беретін және өмірге алғашқы қажетті заттар болуы қажет: қыздырғыш лампалар, майшамдар, тростар, дөңгелектің тізбектері, тіркеуіштер, күректер, ыстық шай құйылған термос, азық-түлік қоры.

Егер Сіз жолда боранда қалып қойсаңыз:

  1. Тоқтап, тоқтаған орыныңызды белгілеп алу қажет;
  2. Көлікті қозғалтқышын желге қарсы бағыттап қойыңыз;
  3. Жиналған қар көлікті басып қалмас үшін, мерзімді түрде көліктің есігін ашып, жиналған қарды күреп тастап отыру қажет;
  4. Мерзімді түрде көлікті қыздырып алып тұру қажет, бірақ түтіннің салонға кірмеуін қадағалаңыз;
  5. «112» номері арқылы құтқаруға көмек шақырыңыз;

Сонымен қатар, жолдардың жабылуы немесе қозғалыстың шектелуі туралы СМС-хабарлама алсаңыз, оған құлақ аспай, елдімекеннен тыс шығып кетпеуіңіз қажет.

Сіздің өміріңіз және жолаушылардың өмірі Сіздің қолыңызда екенін есіңізден шығармаңыз!