Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткеру үшін әскерге шақырылушыларды жинау

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткеру үшін әскерге шақырылушыларды жинау

Брифинг

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткеру үшін әскерге шақырылушыларды жинау»

 

2022 жылғы 9-12 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 28237 (Алматы облысы Ұзынағаш қ.) және 68303 (Абай облысы Семей қ.) әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткеру үшін іріктеу жүзеге асырылатын болады.

Мерзімді қызмет өткерген сарбаздар мен сержанттарға азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі.

Әскери қызметті жалғастырғысы келетіндер үшін келісімшарт бойынша ҚР ТЖМ әскери бөлімдерінде қызметте қалуға мүмкіндік бар.

ҚР ТЖМ Әскери бөлімдерінің қатарында әскери қызмет өткергісі келетіндерге Орал қаласының қорғаныс істері басқармасына немесе БҚО ТЖ департаментіне келулеріңізді сұраймыз.

Әскерден кейін ұлдар жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсе алады, ал қызмет барысында ерекше көзге түскендер тегін оқуға мүмкіндік алады.

Қорғаныс, ғылым және жоғары білім министрліктерінің, сондай-ақ елдің жетекші жоғары оқу орындарының жаңа бірлескен жобасы мерзімді әскери қызмет өткерген барлық азаматтарға ұлттық бірыңғай тестілеуді есепке алмай, әңгімелесу нәтижелері бойынша мерзімді әскери қызметті өткергеннен кейін екі жыл ішінде ақылы негізде жоғары оқу орындарына оқуға түсу мүмкіндігін беруді көздейді.

Мерзімді әскери қызмет кезеңінде жауынгерлік даярлықта тәртіпті және жоғары нәтижелерге қол жеткізген жекелеген, неғұрлым лайықты әскери қызметшілерге ЖОО гранты есебінен тегін жоғары білім алу мүмкіндігі берілетін болады.

Еліміздің барлық өңірлеріндегі 50-ге жуық жоғары оқу орындары мерзімді әскери қызмет өткерген жастарға білім беру жеңілдіктерін беру ниетін растады.

Жобаны іске асыру 2023 жылдан басталады. Білім алу жеңілдіктері қазіргі уақытта мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқан және 2022 жылы әскерге шақырылатын сарбаздарға қолданылады.