Өртті зерттеу ғылымы

Өртті зерттеу ғылымы

Өртті зерттеу ғылымы

 

Қазақстан Республикасы қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі болып табылады. Инфрақұрылым және қалалардағы құрылыстың өсуі, көп қабатты ғимараттар мен жоғары технологиялық нысандардың дамуымен қатар, онда энергияны тұтынатын жабдықтар пайдаланылады, сол себептен өрт шығу қаупі жоғарылайды, ол мемлекетіміз бен тұрғындарға үлкен материалдық залал келтіреді.

Көптеген себептер өрттің басталуына және тез үлкеюіне ықпал етеді, сол үшін ҚР Төтенше жағдай министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 231 бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызметінде өрт сынақ зертханасы құрылды. Жақын арада зерттеу сынақ өрт зертханасы болып қайта құрылды.

2022 жылғы сәуір айында зертхана мемлекеттік өрт бақылау басқармасының құрамына кірді, қазіргі уақытта ол өз қызметін жалғастыруда.

Зертхана мамандары сотқа дейінгі тергеу органдарының қаулысы және төтенше жағдай басқармасы мен бөлімдері қызметкерлерінің тағайындауымен, өрт орны мен өрттің ұлғаюына ықпал ететін себептерді анықтау үшін өрт-техникалық зерттеу өткізіп, қортынды шығарады. Өрттің себептерін зерттеу үшін қажетті заманауи қондырғылар және құрылғылармен жабдықталған ГАЗ-27057 автомобиль маркасына негізделген жылжымалы өрт-техникалық зертхана бар.

Зертхана қызметкерлері өз міндеттерін тәулік бойы атқарады. Тиянақты жұмыстың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінуі, оларды жаңа зерттеулерге шабыттандырады. Тұрғындарды өрттен қорғау ғана емес, сонымен қатар, өрттің шығу себептері, оны қалай сәтті сөндіруге болатындығын зерттейтін ғылым екенін ұмытпау керек.

 

БҚО ТЖД МӨББ ЗӨСЗ бас маманы

азаматтық қорғау аға лейтенанты А. Мухамбетов