
Балалар қауіпті іздемейді – олар жай ғана ойнайды
Көптеген балалар өрт және жанғыш материалдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жеткілікті білімі мен дағдылары жоқ, олар өз әрекеттерінің қауіпті салдарын болжай алмайды. Балалар көбінесе жазатайым оқиғалардың кінәлілері мен олардың құрбандарына айналады. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің алдында тұрған міндеттер адамдардың санасы мен қауіпсіздікке деген көзқарасын өзгерту болып табылады, төтенше жағдайларда әрекет ету ережелерін қалыптастыру үшін балалық шақ ең қолайлы болып табылады.
Осыған орай, облыс аумағында балаларды өрт қауіпсіздігі ережелерін үйрету мақсатында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып, брифингтер, дәрістер мен интерактивті сабақтар өткізуде.
Балаларыңызды үйде, мектептен тыс жерде өрт қауіпсіздігіне үйретіңіз. Өрт немесе жану белгісі (түтін, қызба, күйік иісі және т.б.) анықталса, кез-келген жастағы бала бөлмеден дереу шығуы керек, «тыйым салынған жеміс тәтті!!!» дегендей, қауіп-қатер сіріңке қорабында жасырынғаны туралы түсіндіру қажет, «Болмайды!!!» деп айтудан көрі жеңілірек.
Балалардың бұл кеңестерді есте сақтауы өте маңызды. Балаларды жеке үлгі бойынша өрт қауіпсіздігін сақтауға үйрету керек. Балаларымызға үлкен қамқорлықпен қарау арқылы ғана біз балаларымызға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтап, түсіндіру арқылы, үйімізді, дүние-мүлкімізді және ең қымбат нәрсеміз – баланың өмірін сақтай аламыз.
Балалардың отпен ойнауы, өртті болдырмау үшін не істеу керек:
- балаларды өрт қауіпсіздігі тәртібіне үйрету;
- өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға байланысты барлық жағдайларда үлгі болу;
- сіріңкелерді балалардың қолы жетпейтін жерге қою;
- балаларға пешті, газ плитасын жағуды, тұрмыстық электр құралдарын өз бетімен қосуды үйретпеңіз;
- балалардың от жақпауын қадағалау;
- балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз;
- балаңыздың бос уақытын қызықты өткізуді ұйымдастырыңыз.
БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы