Тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу

Тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу

Тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу

 

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй секторында 64 өрт оқиғасы орын алып, нәтижесінде 5 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды. 2021 жылдың ұқсас кезеңінде облыс аумағында 56 өрт оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 2 адам қаза тауып, 2 адам әр түрлі жарақат алған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тұрғын үй секторында өрттердің өсуі байқалады. Өрттердің негізгі саны тұрғын үй секторында тіркеледі. Өрттердің туындауына және адамдардың қаза болуына себеп болған негізгі себептер: отты абайсыз пайдалану, электр аспаптары мен жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу және ірі жемшөптерді сақтау кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау.

Өрттердің алдын алу мақсатында Батыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері күн сайын тұрғын үй секторы бойынша профилактикалық рейдтер жүргізілуде. Рейдттік шаралар кезінде  әлуметтік осал отбасылар назарға  алынуда. Аулаларды аралау жүргізу шеңберінде тұрғындармен профилактикалық әңгімелесулер, нұсқамалар жүргізіледі, өрт туындаған жағдайдағы іс-қимылдар, шұғыл қызмет телефондары бар жадынамалар мен парақшалар таратылады.

Тұрғын үй секторында өрттерді болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігі қағидаларының қарапайым талаптарын қатаң сақтау қажет:

- төсекте темекі шекпеңіз;

- қоқыс жәшігінде темекі тұқылын сөндірмеңіз;

- тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарының жанында от және қоқыс жақпаңыз;

- ақаулы электр құралдарын пайдаланбаңыз;

- оқшаулағышы зақымдалған немесе қорғаныш қасиетін жоғалтқан электр сымдарын пайдаланбаңыз;

- бірден бірнеше электр тұтынушыларын бір розеткаға қосу арқылы электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеңіз;

– кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз-балалардың отпен ойнауы да өрт себептерінің бірі болып табылады.

 

БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы