Күзгі аң аулау маусымы

Күзгі аң аулау маусымы

Батыс Қазақстан облысында күзгі аң аулау маусымының ашылуына байланысты, Төтенше жағдайлар департаменті барлық азаматтарға, сондай–ақ, қонақтарға аң аулау маусымында ормандарда және оларға жақын жерлерде демалған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.

Күзгі аң аулау маусымы басталысымен орман алқабында болған кезде орман өртінің туындауын болдырмау үшін аңшыларды: алау жақпауды, жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын лақтырмауды, құрғақ шөп жақпауды сұраймыз. Орман екпелері бөтелкеден немесе әйнектің сынығынан да жануы мүмкін. Сәулелер шағылыса отырып, олар отты линзалар сияқты от тудыруы мүмкін. Демалыс орнынан кеткен кезде, өз орнынызды қоқыстардан тазартыңыз!

Есіңізде болсын, отты дұрыс пайдаланбау адам өлімі және материалдық шығындарға әкеледі. Өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына кінәлі адамдар бұзушылықтардың сипаты мен олардың салдарына қарай әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Өрт ошағын анықтаған кезде 101, 112 нөмірлері бойынша өрт сөндіру қызметіне дереу хабарлау қажет

Орманда өртті болдырмау үшін:

- өрт қауіпті кезеңде орманда ашық отты пайдалануға;

- өзіңізбен бірге орманға тез тұтанатын сұйықтықтарды, сондай-ақ олар сіңген материалдарды апаруға;

- орманда әйнек сынықтарын қалдыруға;

- орманда жанып тұрған сіріңкелерді, бықсыған шүберектерді, темекі тұқылдарын лақтыруға;

- орман алқаптарында, бақтарда, егістіктерде, ағаштардың астында құрғақ шөптерді жағуға;

- желді ауа райында от жағу және оны қараусыз қалдыруға тыйым салынады.

БҚО ТЖД Ммлекеттік өрт бақылау басқармасы