
Бүгін, 24 тамыз күні азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Айбар Маратұлы Қалиев және мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Сағдат Қайратұлы Әнес ТДК-42 телеарнасының «ӨЗЕКТІ» бағдарламасында тікелей эфирге қатысып, суға шомылу маусымы, өту барысы, облыста қанша жабдықталған жағалаулар бар, оларға қандай талап қойылады деген секілді сұрақтармен қатар, жылыту маусымына даярлық жұмыстарының жүргізілу барысы, өткен жылыту маусымында қанша өрт тіркелді, қызыл жалынның себебі көбіне неге байланысты, материалдық шығын, рейд жұмыстарында олқылықтар анықталса, қандай шаралар қолданылады және т.б. мәселелер қозғалып, тікелей эфирге көрермендерден телефон арқылы сұрақтар қойылып, тұшымды әрі толық жауап берілді.