
Пешпен жылытылатын үйлер мен моншаларда барлық өрттердің шамамен 50%-ы пештердің, құбырлардың жарамсыз күйіне және ұқыпсыз оттыққа байланысты болады.
Қиындықты болдырмау үшін өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін орындау қажет. Жылыту маусымы басталар алдында пешті, қазанды, жылу қондырғыларын, басқа да жылыту құралдары және үйіңізді жылыту үшін пайдаланатын жүйелерді тексеру қажет. Ақау бар пештер мен басқа да жылыту құрылғыларын пайдаланбаңыз – бұл қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.