«Балаларға арналған өрт сөндіру кроссфиті» сайысы

«Балаларға арналған өрт сөндіру кроссфиті» сайысы

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған «Балалар жылы» аясында, сондай-ақ әскери-патриоттық балалар лагерінің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке және қоғамдық қауіпсіздікке жауапты қарау, құтқарушы мамандығын насихаттау мақсатында «Балаларға арналған өрт сөндіру кроссфиті» сайысын өткізді.

Шараға еріктілер мен 3 командаға бөлінген 40-қа жуық бала қатысты.

Бұл іс-шара бірнеше кезеңде өтті:

Бірінші кезең – зардап шегушіні құтқару, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін кию, күш жаттығуларының кешені, жеңдерді домалату және жинау, соңында мәре.

Екінші кезең – жауынгерлік өрістету арқылы өрт оқпанымен су беру.

Үшінші кезең – өрт сөндіргішті қолдану арқылы шартты өртті сөндіру.

Барлығы, тіпті кішкентай балалар да тапсырманы орындауға тырысты. Өйткені, өзіңізді өрт сөндіруші ретінде сезіну өте қызықты! Бәсекелестік тек жүгіру жолдарында ғана емес, әр отряд қарсыластарын айқайлап, мүмкіндігінше өз тобын қолдауға тырысты. Ойын арнайы таңдалған дыбыспен сүйемелденді. Шынында да жауынгерлік киімді киіп, су жеңімен жүгіріп өртті сөндіру оңай емес екен!

Бұл эстафетада қашықтықты бағындырғандардың бәрі жеңімпаз болды: бірелері тезірек, ал біреулері сәл баяу.

Ойын соңында волонтерлер флешмоб ұйымдастырды.

Іс-шара қорытындысы бойынша Департамент атынан балаларға белсенді қатысқаны үшін құттықтау грамоталары мен тәттілер табысталды.