Úkimettik emes uıymdarmen jáne volonterlermen dıalog alańy

Úkimettik emes uıymdarmen jáne volonterlermen dıalog alańy

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Төтенше жағдайларды жою басқармасының ұйымдастыруымен облыстың үкіметтік емес және волонтерлік ұйымдарының өкілдерімен диалог алаңы ұйымдастырылып өткізілді. Департамент бастығының орынбасары полковник Қ.Қ. Доспаев 2022 жылдың 1- жартыжылдығы бойынша бірлескен жұмысты қорытындылап, тығыз өзара іс-қимыл жасау және төтенше жағдайлар туындаған кезде облыс еріктілерін іс-қимыл дағдыларымен оқытуды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Аумақтық және құрылымдық бөлімшелердің басшылары еріктілердің оң жұмысын туралы атап айтты. Сондай-ақ, кездесуде үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері сөз сөйлеп, Департамент басшылығы өз кезегінде бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары мен үрдістерін тағы айқындап көрсетті.

Шара соңында белсенді және табысты жұмысы үшін үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері Департаменттің Алғыс хаттарымен марапатталды.