
2022 жылғы 11-16 шілде аралығында Шымкент қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер арасында ҚР XII жазғы чемпионаты өтті . Чемпионатқа 13-14 жас, 15-16 жас және 17-18 жас тобынан 17 команда қатысты.
10 шілде күні Шымкент қаласының орталық стадионында чемпионаттың салтанатты ашылуы өтті.
11 шілдеде шабуыл сатысымен көтерілетін жарыстың бірінші түрі өтіп, Батыс Қазақстан облысының командасы 3 орынды иеленді. Жеке есепте Никита Мухамадеев жоғары топтағы жасөспірімдер арасында 3 орын алды. Абылай Серіков кіші топтағы жасөспірімдер арасында 1 орынға ие болды.
Екінші жарыс күні 100 м. кедергілері бар жолақтан өту сайысында БҚО командасы 2 орынға ие болды. Жеке есепте кіші топ арасында Абылай Серіков 1 орын алды. 3 орынды аға топтар арасында Райымбек Райымқұлов иеленді.
15 Шілдеде 100м. бойынша 4 өрт эстафетасы өтті, онда БҚО командасы 1 орынға ие болды.
Жауынгерлік қанат жаю қорытынды сайыс түрінде БҚО командасы 1 орынға ие болды. Нәтижесінде БҚО командасы жалпыкомандалық есепте 1 орынға ие болды.
Ағымдағы жылы 21 шілде күні жеңімпаздарды Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Орал қаласының әкімдігі және Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті құттықтап, марапаттады.
Сондай-ақ, "ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ" ММ (Орал қ.)ММ қалалық бөлімшелер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жарыстың ашылу салтанаты өткізілді.