
Батыс Қазақстан облысында 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Осыған байланысты облыста дауылды ескерту жарияланды.
Халыққа сақтық шараларын сақтау қажет.
Мүмкіндігінше қатты ыстықта көшеде болуды шектеу керек, әсіресе ең ыстық сағаттарда – 11-ден 20-ға дейін.
Егер сіз су жанында демалып жатсаңыз тек жабдықталған орындарда шомылыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, мас күйде шомылмаңыз және өз күшіңізді асыра бағаламаңыз.
Төтенше өрт қаупі сақталатын аудандарда халыққа ашық отты пайдалануда аса сақ болу, үйлер мен мекен-жайлардың жанында от жақпау, құрғақ шөп өртемеу, қамыс өртемеу, автомобильдерден сөндірілмеген темекі, шыны ыдысты тастамау, сондай-ақ от жақпау қажет!
Төтенше жағдай туындаған кезде "101" және "112" телефондарына қоңырау шалыңыз.