
Ағымдағы жылдың 2 маусым күні Ақжайық ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және № 6 құтқару бөлімі қызметкерлері орман, дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі және су айдындарындағы келеңсіз оқиғалардың алдын алу бойынша рейдтік шаралар өткізді. Рейд барысында су айдындарының жағалауы мен орман алқаптарындағы демалушыларға табиғи өрттер мен басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу туралы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды.