Балалар – өмір гүлі!

Балалар – өмір гүлі!

Балалар – өмір гүлі!

 

Ағымдағы жылғы 31 мамыр күні 1-маусым балаларды қорғау күні қарсаңында және балалар жылы шеңберінде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті және құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің балалары үшін "Балалар - өмір гүлі " тақырыбында фестиваль ұйымдастырылды.

Фестиваль "Вокал", "Хореография", "Поэзия", "Актерлік шеберлік" номинацияларында өтті. 

Қызметкерлер балалары тамаша өнерлерін ортаға салып,  мереке қыза түсті. Фестиваль соңында БҚО ТЖД бастығының орынбасары Рашид Бекетұлы Блялов кішкентай бүлдіршіндерді марапаттап, шағын сыйлық табыс етті.