
2022 жылғы 1 маусымда Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Қазақстанда жарияланған балалар жылы аясында, сондай-ақ, жазғы демалыс қарсаңында «Өрт сөндірушілер және құтқарушылар әлемінде» іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның мақсаты:
- өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникасы және жабдықтарымен, сондай-ақ, өрт сөндіру, адамдарды құтқару бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың іс-қимылдарының элементтерімен таныстыру;
- жазғы уақытта шомылу кезінде қауіпсіздік ережелері тақырыбында әңгімелер өткізу, алғашқы жедел көмек көрсету дағдыларына үйрету;
- өрт сөндіруші мамандығын насихаттау, М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу туралы ақпарат беру;
- өрт-құтқару спортымен танысу, осы спорт түрін жастар арасында танымал ету.
Шара барысында қала мектептерінің оқушылары өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың құрал-жабдықтары және техникаларын өз көздерімен көрді, балалар танкке ұқсайтын шынжыр табанды жол талғамайтын көліктерге, «Бронтоскайлифт» көтергішіне ерекше қызығушылық танытты. Құтқару жасағының құтқару құралдары мен техникасының түрлері балаларды таң қалдырды.
Кинологиялық қызметтің құтқарушы иттері балаларға өздерінің ақылды және қабілетті екендіктерін тағы бір дәлелдеді. Ал азаматтық қорғанысқа арналған блокта ұлдар мен қыздар оқу қаруларынан нысанаға көздеуді үйренді. Іс-шара қонақтары оқу мұнарасының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу, жауынгерлік қанат жаю кезеңінде өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша құрама команданың іс-қимылын қошеметпен қарап отырды. Содан соң өрт сөндірушілер нағыз өртті қалай сөндіру керектігін көрсетті.
Балалар мамандарға көптеген сұрақтар қойды, «қалай құтқарушы болу керек?», «өрттің түтіні неге қара?», «сүңгуірлер қалай жұмыс істейді?», «иттерді қалай үйретесіздер, оларды қалай күтесіз, қандай түрлері бар иттердің?» т.б. сұрақтарға балалар ақпараттық блокта толықтай жауап алды.
Іс-шараның жарқын сәті «Жас құтқарушылар» командасының қауіпсіздік ережелері бар буклеттерді таратқан мультфильм кейіпкері Спанч-Боб болды.
Балаларды қорғау күні мерекесіне орай, осындай іс-шаралар гарнизонның, облыстың барлық аудандарында өткізілді, Мұндай шара өткізу бұрыннан жақсы дәстүрге айналып келеді.