
Шомылу маусымына дайындық туралы ақпарат
(20 мамырдағы жағдай бойынша)
2022 жылдың басынан бері облыстың су айдындарында адамдардың қаза болу жағдайлары тіркелген жоқ. 2021 жылғы шомылу маусымында суда 24 адам қайтыс болды, оның ішінде 8 бала. 2020 жылы 30 адам қайтыс болды, оның ішінде 8 бала.
2022 жылғы 27 сәуірде облыстық ТЖ комиссиясының отырысы өткізілді, онда негізгі мәселелер коммуналдық және жеке жағажайларды ашу және жабдықтау, балалармен профилактикалық іс-шаралар өткізу, су айдындарында рейдтер мен патрульдер өткізу және БАҚ-та профилактикалық жұмыстарды жариялау болды. Отырыс қорытындысы бойынша 12 хаттамалық тапсырма берілді.
2022 жылғы 19 мамырда Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Есқалиевтің төрағалық етуімен аппараттық кеңес өткізілді, онда облыстың алдағы шомылу маусымына дайындығы қаралды. Кеңес барысында коммуналдық жағажайларды құру және жабдықтау, балалармен профилактикалық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ рейдтік іс-шаралар мен патрульдеу мәселелері көтерілді. Кеңес соңында облыс әкімі жағажайларда бейнебақылау камераларын орнату, су айдындарын патрульдеу үшін полиция департаментінің қызметкерлерін тарту, халықтың демалуы үшін тиісті жағдайлар жасау және шомылу кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
2022 жылғы жағдай бойынша облыс әкімдігінің 2018 жылғы 14 ақпандағы №22 қаулысына сәйкес су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін 69 орын айқындалды. Оның ішінде аудан әкімдіктерінің қаулыларымен 19 жағажай бекітілген.
Анықтама: бекітілген жағажайлар: 2 - коммуналдық, 17 – жеке меншік Орал қаласы-8, Бәйтерек ауданы-8, Теректі ауданы-1, Тасқала ауданы – 1, Бөрлі ауданы-1.
Сондай-ақ, облыс аумағында қосымша 7 жағажай ашу мәселесі пысықталуда.
Су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспар бекіту сатысында. Жоспар мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті міндеттер қойылған 38 тармақты көздейді.
ТЖ департаменті полиция департаментімен және БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп су айдындарындағы көпшілік демалатын орындарда рейдтер мен патрульдеу жоспарын бекітті. Жоспарға сәйкес рейдтік іс-шараларды өткізу үшін Төтенше жағдайлар департаментінің, полиция департаментінің және көліктік бақылау инспекциясының жеке құрамынан 400-ден астам адам тартылатын болады. Сондай-ақ, 250-ден астам волонтер тарту жоспарлануда («Жас Отан» ЖҚ, «Қызыл Жарты Ай» ҚБ, «Орал студенттер Альянсы» КҚ және т. б.)
Суға шомылу кезеңіндегі төтенше жағдайларға ден қою үшін 72 құтқарушы, 21 жүзу құралы, 1 катер және патрульдеу үшін 15 автомобиль дайындалды.
Рейдтік іс-шараларға жұмыспен қамту орталығының басқармасы арқылы жұмыссыздар қатарынан 40 адамды тарту туралы мәселе қосымша пысықталуда.
БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы талаптарға сәйкестігі тұрғысынан шағын көлемді кемелерге инспекция жүргізеді, сондай-ақ шомылу кезеңінде тұрақты негізде жүргізіледі.
Аудан әкімдіктері білім басқармасымен бірлесіп 22 модульдік-қаңқалы бассейнді орнату бойынша жұмыстарды бастады.
Ішкі саясат басқармасы мен білім басқармасы 2ГИС компаниясымен модульдік-қаңқалы бассейндердің орналасқан жерлерін картада көрсету мәселесін пысықтауда.
Алдын алу туралы ақпарат
Жыл басынан бері 2 мыңнан астам адамды қамти отырып, 95 рейд жүргізілді, Халықпен 5 жиын өткізілді, судағы қауіпсіздік шаралары туралы 3 мыңнан астам парақшалар мен буклеттер таратылды, теледидарда 6 сөз сөйлеу және радиодан 10 сөз сөйлеу, баспа басылымының 7 мақаласы, Instagram әлеуметтік желілерінде 39 және Дармен қосымшасындағы 10 мақала жарияланым өткізілді.
Ақжайық телеарнасында «Айтарым бар» бағдарламасының тікелей эфирінде 2 сөз сөйлеу өткізілді.
Облыс мектептерінің 1500 оқушысы мен мұғалімдерін қамтумен 14 интерактивті сабақ өткізілді.
10 бейнеролик әзірленді және LED-экрандарда, емханаларда, сауда үйлерінде, әлеуметтік желілерде тұрақты негізде көрсетіледі.
Бүгінгі күні жағажайларды тексеруге 10 өтінім берілді. Оның ішінде 8 жағажай тексерілді.
Анықтама: Орал қаласы-3, Бәйтерек ауданы-1, Тасқала ауданы-3.
Өрт бойынша жалпы жағдай
2022 жылғы 24 мамырдағы жағдай бойынша облыс аумағында 143 өрт оқиғасы тіркелді, өртте 2 адам қаза тауып, 1 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды, өрттен келтірілген шығын сомасы 116 000 000 теңгені құрады.
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрттер санының 7,1%-ға (2021ж. – 154), қаза болғандар санының 50%-ға (2021ж. – 4), жарақат алғандар санының 66,6%-ға (2021ж. – 3) азаюы байқалады.
Өрттердің жалпы санынан тұрғын үй секторында 90 өрт тіркелді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2%-ға төмен (2021ж. - 95 өрт).
Өрттердің негізгі себептері тұрғындардың отты ұқыпсыз пайдалануы (2022 ж. - 37 оқиға, 2021 ж. - 59), электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (2022 ж. – 64 оқиға, 2021 ж. - 69) және пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (2022 ж. - 30 оқиға, 2021 ж. - 20).
Өрт және жану бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 89 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 83 ескерту және 6 (4 заңды тұлға және 2 жеке тұлға) 290 985 теңге сомасына айыпталды.
Өрт қауіпті кезеңінің өту барысы туралы
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облыс аумағында жалпы ауданы 74 га болатын 11 (Орал – 2, Бәйтерек – 3, Бөрлі – 5, Теректі – 1) табиғи жану (2021 ж. – 11 жану, 161 га аумақта) оқиғасы орын алды. Табиғи өрт тіркелген жоқ.
2021 жылғы өрт қауіпті кезеңде облыс аумағында жалпы ауданы 7002 га табиғи жанудың 238 жағдайы, сондай-ақ жалпы ауданы 9,5 мың га астам (орман қоры - 4123,8 га, дала алқабы – 5722 га) 48 табиғи өрт (орман – 32, дала – 16) оқиғасы тіркелді.
2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2021 жылы табиғи жанудың саны 35,5%-ға азайды (2020 жылы – 369), табиғи өрттердің саны 44,1%-ға азайды (2020 жылы - 86, оның ішінде орман - 19, дала - 67). Табиғи жанулар мен өрттердің ауданы 75,7%-ға төмендеді (2020 ж. - 69 398,6 га).
Табиғи өрттердің жалпы санының азаюына қарамастан, орман өрттерінің 68,4%-ға өсуі байқалды (2021 ж. - 32, 2020 ж. - 19). Бұл ретте осы өрттердің ауданы мен залалы 2020 жылғы көрсеткіштен едәуір төмен.
Орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі міндеттерді шешу мақсатында 2022 жылдың өрт қауіпті маусымында өрттердің алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді.
28 сәуірде облыстық ТЖ жөніндегі комиссияның отырысы өткізіліп, онда өткен жылдардың тәжірибесін ескеру арқылы бірқатар мәселелер қаралып, тиісті міндеттер қойылды. Орман және дала өрттерінің алдын алу және жою мақсатында, ағымдағы жылдың 29 сәуірінде облыс әкімінің өкімімен «2022 жылғы өрт қауіпті маусымда Батыс Қазақстан облысының аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді.
Сонымен қатар, өңіраралық сипаттағы орман-дала өрттерін жою жоспарына түзетулер енгізілді. Азаматтық қорғау органдарының Батыс Қазақстан облысының орман қорғау мекемелерімен өзара іс-қимылы туралы нұсқаулық жасақталды.
29 сәуір күні Ақжайық, Бөрлі, Теректі және Байтерек аудандарының орман алқаптарында жылдар бойы өрттер орын алатын учаскелерге Казавиақұтқару тікұшағымен аэровозуалдық шолу жүргізілді.
30 сәуірде орман өрттерінің алдын алу мақсатында, Департамент бастамасымен жергілікті атқарушы органдар және мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қатысуымен орман алқаптарында өрт қауіпсіздігінің кең ауқымды сенбілігі өткізілді. Алдағы уақытта осы шараны аудандарда да жалғастыру қажеттігін айта кету қажет.
Бұдан бөлек, облыс аумағында ғарыштық мониторинг жүргізу мақсатында дала және орман аймақтарында жану нүктесін дереу анықтау мақсатында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» акционерлік қоғамымен 4 млн. теңгеге шарт жасалды.
Департаменттің аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдарға ауылдық елді мекендердің өрт қауіпті маусымға дайын еместігі туралы 379 (100%) ескертпе табыс етілді.
Облыс бойынша барлық ұзындығы 2123 км құрайтын ауылдық елді мекендердің айналасында минералдандырылған жолақтар салу жоспарланып, бүгінгі күні 771 км минералдандырылған жолақтар жүргізілді.
Ағымдағы жылы 6,7 млн. теңгеден астам сомаға 150 аспалы өрт сөндіргіш сатып алынып, кейін ерікті өрт сөндірушілерге беру мақсатында ЖАО теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде.
Анықтама ретінде: 4 жыл ішінде аудан әкімдіктеріне барлығы 1000-нан астам аспалы өрт сөндіргіш сатып алынды.
Мемлекеттік орман қоры аумағында өрттерді болдырмау мақсатында мынадай алдын алу іс-шараларын жүргізу жоспарланған:
- минералдандырылған орман жолақтарын салу жұмыстары – 125 км (орындалды – 55 км);
- минералдандырылған орман алқаптарын күту бойынша жұмыстар – 12 390 км (орындалды – 931 км);
- өрт кезінде пайдаланылатын жолдарды жөндеу жұмыстары – 5,2 км және аралық соқпақтарды кесу – 102,3 км;
- өрт қауіпті кезеңінде ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі барлық мемлекеттік мекемелердің өрт-бақылау мұнараларында және диспетчерлік пункттерде тәулік бойы кезекшілік орнатылатын болады.
Наурыздың екінші онкүндігінде облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, мемлекеттік орман иеленушілердің 2022 жылғы өрт қауіпті маусымға дайындығын және өртке қарсы алдын алу іс-шаралары жоспарларының орындалуын тексеру, мемлекеттік орман иеленушілерді, орман-өрт сөндіру станцияларын, өртке қарсы техникамен, мүкәммалмен нормалар мен нормативтерге сәйкес қамтамасыз етілуіне тексеріс жүргізілді.
Рейдтік іс-шараларды өткізу мақсатында облыс бойынша азаматтық қорғау, полиция, орман шаруашылығы органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және волонтерлік ұйымдардың өкілдерінен құрамында 70 адамы бар 14 мобильді топ құрылды.
Бүгінгі күні мобильді топтармен 144 рейдтік іс-шара өткізілді, онда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жалпы сомасы 2 052 210 теңгеге 56 тұлға жауапкершілікке тартылды (АҚО қызметкерлері – 14 хаттама, орман шаруашылығының қызметкерлері – 23 хаттама, орман инспекциясының қызметкерлері – 2, ІІО қызметкерлері – 17). Сондай-ақ, рейд барысында 4317 адамға жадынамалар таратылып, өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді.
Анықтама ретінде: 2021 жылғы өрт қауіпті кезеңінде құрамы 65 адамнан тұратын 13 мобильдік топпен 1579 рейдтік іс-шара өткізіліп, 46717 жаднама мен ұсыныстар таратылды. Рейдтік іс-шаралар барысында 191 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 79 тұлға ескерту түрінде және 112 тұлға жалпы сомасы 3 310 795,5 теңге айыппұл түрінде.
Орманды дала алқаптарында өрттердің алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы өндірістерімен және шаруа қожалықтарымен 959 адамды қамти отырып 68 жиын және 393 адам қамтылуымен 29 дөңгелек үстел өткізілді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің және жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен бірлесіп, көктемгі дала жұмыстарына тартылған ауыл шаруашылығы техникасын техникалық байқау бойынша жұмыстары жүргізілуде.
Бұқаралық ақпарат құралдарында өрт қауіпті кезеңінде халыққа өрт қауіпсіздігі талаптарын жеткізу бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Теледидарда 18 сөз сөйлеу ұйымдастырылды, радиода 36, баспасөзде және интернет-ресурстарда өртке қарсы тақырыпта 276 мақала орналастырылды.
Табиғи өрттер мен жанудың алдын алу және сөндіру үшін бүгінгі күні елді мекендерде 2206 адамнан тұратын 152 ерікті өртке қарсы құралым құрылды. Сондай-ақ, қоғамдық бірлестік нысанында 13 ерікті өртке қарсы құралым тіркеуден өтті.
Анықтама ретінде: ЕӨҚҚ жарағында: 144 су тасығыш, 165 трактор, 146 басқа бейімделген техника, 1372 аспалы өрт сөндіргіш, 175 мотопомпа және 1647 басқа да бастапқы құралдар бар.
Табиғи өрттер мен жануларды өрт қауіпті кезеңде тиімді сөндіруге ЕӨҚҚ жауынгерлік дайындығының жай-күйін тексеру мақсатында сәуір айында Департаменттің аумақтық бөлімшелері шектес аудандардағы ЕӨҚҚ бірлескен өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілуде (бүгінгі күні 9 оқу-жаттығу өткізілді). Оқу-жаттығу аудандық ТЖБ бастықтарының басшылығымен өрт сөндіру бөлімдерінің, ЕӨҚҚ, орман шаруашылығы бөлімшелері мен шаруа қожалықтарының қатысуымен өткізіледі. Оқу-жаттығу өткізу орындары ретінде жыл сайын табиғи өрттер көп болатын аумақтар анықталды.
Қазіргі таңда, облыс бойынша жергілікті атқарушы органдармен құрылған өрт сөндіру бекеттерінің 18-і (Ақжайық – 5, Бәйтерек – 1, Бөкей ордасы – 2, Бөрлі – 3, Жәнібек – 2, Сырым – 1, Тасқала – 3, Теректі – 1) жұмыс жасауда, олар 25 км радиустағы 97 елді мекенді қорғауды қамтамасыз етеді. 2021 жылы жұмыс істеген 5 (Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе және Шыңғырлау аудандары) өрт сөндіру бекетін және арнайы жоспар шеңберінде жаңадан құрылатын 4 (Жаңақала, Казталов, Сырым және Шыңғырлау аудандары) бекетті ашу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен конкурстық рәсімдер бойынша жұмыстар жүргізілуде.