
Психологтардың ынтымақтастығы
2022 жылғы 19 мамырда «Батыс» өңірлік қолбасшылығы аумағында «Психологиялық қызметті жетілдіру» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар ұйымдастырылып, өткізілді.
Семинарға «Батыс» өңірлік қолбасшылығының Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен қалаларындағы әскери бөлімдерінің психологтары, сонымен қатар, БҚО ТЖД психологі қатысты. Тәжірибе алмасу шеңберінде басқа қызмет психологтарына БҚО ТЖД психологы азаматтық қорғау майоры А.Махимованың "Төтенше жағдайлар саласында психологиялық қызметтің ұйымдастырылуы" тақырыбындағы баяндамасы оқылды .
Департамент психологі азаматтық қорғау майоры А.Махимова оқу-әдістемелік семинарға қатысқаны үшін, сонымен қатар ынтымақтастық шеңберінде білім және тәжірибесімен бөліскені үшін «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор А.Жумагалиевтің Алғыс хатымен марапатталды.
Іс-шара барысында қызметкерлер психологиялық қызметтің ұйымдастырылуы, жеке құраммен алдын алу жұмыстары кезінде практикалық әдіс-тәсілдердің қолданылуы бойынша пікір алмасты.
БҚО ТЖД психологиялық қызмет тобы