
Ағымдағы жылдың 15-16 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасы балалар мен жасөспірімдер туризм мен экология орталығының ұйымдастырумен «Жас құтқарушы» облыстық слетінің өткізілгенін хабарлайды.
Аталған шара жылма-жыл аудандық командалардың қатысуымен балалар мен жасөспірімдердің бойында төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақтың дамуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өзіндік және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға, олардың өмірдегі қауіпсіздік жағдайлары, дене және психологиялық дайындығы жөніндегі білім деңгейлерін көтеру, құтқарушы мамандығын насихаттау мақсатымен өткізіледі.
Жарыс қорытындысы нәтижесінде 1 орын - Орал қаласының құрамасы, 2 орын - Бөрлі ауданының құрамасы, 3 орын –Байтерек ауданының құрамасы ие болды. Жарыс жеңімпаздары мен қатысшылары грамоталар, медальдер, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
БҚО ТЖД ТЖЖБ инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты А.Айбулатова