«Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормалары мен талаптарын зерделеу, әсіресе «Е-өтініш» платформасында өтініштерді ресімдеу тәртібі» тақырыбында семинар-сабақ

«Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормалары мен талаптарын зерделеу, әсіресе «Е-өтініш» платформасында өтініштерді ресімдеу тәртібі» тақырыбында семинар-сабақ

2022 жылғы 30 наурызда Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормалары мен талаптарын зерделеу, әсіресе «Е-өтініш» платформасында өтініштерді ресімдеу тәртібі» тақырыбында семинар-сабақ өткізді.

        Семинар-сабақ Батыс Қазақстан облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасының Азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры О.К. Байгалиев, Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы С.Н. Ибрагимова, Әкімшілік-құқықтық бөлімінің жетекші маманы С.М. Амреева, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  Коммерциялық емес АҚ БҚО Филиалының бас HR-менеджері С.И. Бекетова, филиалдың сарапшысы Г.Н. Абдрахманова, филиалдың жетекші маман – нәтиже Г.Ж. Байарстанова және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ БҚО бойынша өкілдігінің Ақпараттық жүйе басқармасы менеджеры Д.Е. Ибраевтың қатысуымен өтті.

        Оқу барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормалары, қағидаттары мен талаптары талқыланды.

        Шақырылған қонақтар отырысқа белсенді қатысты: ҚР БП ҚСжАЕБ Азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры О.К. Байгалиев Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 30 мамырдағы №348 Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің және «мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 19 мамырдағы №70 бұйрығының нормаларын сақтау тұрғысынан, сонымен қатар, «электрондық өтініштер» аналитикалық талдау жүйесіне құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

        Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы С.Н. Ибрагимова Департамент қызметкерлеріне Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен жұмыстану кезінде жеке қабылдау, өтініштерді тіркеу барысында жол берілетін қателіктерге қатысты толықтай мәлімет берді.

        Өз кезегінде, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ БҚО бойынша өкілдігінің Ақпараттық жүйе басқармасы менеджеры Д.Е. Ибраев «Е-Өтініш» платформасында кездесетін проблемалық мәселелерді түсіндіріп, тіркеу барысында қателіктер жасамауы үшін түсіндірме жұмыс жүргізді.

        Іс-шараға қатысушылар азаматтық қорғау органдарының қызметіне оң баға беріп, Департамент пен Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдары мен ұйымдары арасында жағымды ықпалдастықты тіледі.

 

Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобы