ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі М. Күлдіков Батыс Қазақстан облысының құтқарушыларына Жауынгерлік туды табыс етті

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі М. Күлдіков Батыс Қазақстан облысының құтқарушыларына Жауынгерлік туды табыс етті

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі М. Күлдіков Батыс Қазақстан облысының құтқарушыларына Жауынгерлік туды табыс етті

 

БҚО Орал қаласында облыстық Х. Бөкеева атындағы қазақ драма театрында Департаменттің туын тапсыру рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков облыстың бас құтқарушысы Ернұр Сапарұлы Өтегеновке Ерлік, Құрмет пен батылдықтың символы - ту табыс етті.

         «Мемлекет басшысы азаматтардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөледі, ал бұл бізден төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша міндеттерді нақты орындауды талап етеді. Өткен жылдың қазан айында Президенттің Жарлығымен министрліктің және оның аумақтық бөлімшелерінің символы ретінде Ту бекітілді. Тәуелсіздік жылдарында өз өмірлерін қиып жасалған ерліктер жетерлік. Бүгін Туды тапсыру Департаменттің барлық ұжымы үшін айтулы оқиға болып табылады», - деді Төтенше жағдайлар вице-министрі М. Күлдіков.

         Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ю. Ильиннің тапсырмаларын жеткізді. Сондай-ақ, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ю. Ильиннің тапсырмасы бойынша министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмысты жеке құрамға түсіндірді. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер өздері толғандырған мәселелерге жауап алды. Жиын аяқталған соң   М. Күлдіков бірқатар өрт сөндіру бөлімдерін аралап шықты.

 

            БҚО ТЖД баспасөз қызметі