
Ағымдағы жылғы 1 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы өңірлік коммуникациялар алаңында «Облыстағы көктем мезгіліндегі тасқын суды қауіпсіз өткізуге дайындық туралы» тақырыбында брифинг өтті. Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Ернұр Сапарұлы Өтегенов аталған брифингте сөз сөйледі.