
Ағымдағы жылдың 10 ақпанында Хамза Есенжанова атындағы Облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы «Болашақ бүгіннен басталады» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шара барысында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 4 курс курсантының қатысуымен 2022 жылғы мектеп түлектеріне Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу тәртібі, сондай-ақ Ресей, Беларусь Республикасы ТЖМ оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді, азаматтық қорғау органдарындағы қызмет перспективасы түсіндірілді. Қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Академияға түсу тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін Орал қаласы, Абай даңғылы 90 («Alem Plaza» СҮ қарама-қарсы) мекенжайында орналасқан БҚО ТЖД Кадр саясаты басқармасына немесе 8(7112) 51-27-02 нөміріне хабарласуға болады.