
2021 жылғы 31 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде, Департамент бастығы полковник Өтегенов Ернұр Сапарұлының төрағалығымен құрылымдық және аумақтық бөлімшелер бастықтарының қатысуымен 2021 жылға есепке алу-тіркеу тәртібі жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында анықтау штаттарын одан әрі жасақтау, өртке байланысты істер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізудің заңдылығы мәселелері қаралды.
Отырыс нәтижелері бойынша есепке алу-тіркеу тәртібі жөніндегі комиссия мүшелеріне, Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне осы бағыттағы жұмысты жақсарту және қолданыстағы заңнамада заңдылықтың бұзылуына жол бермеу бойынша міндеттер қойылды.