Ұжымдағы моралды-психологиялық климатты жақсарту мақсатында

Ұжымдағы моралды-психологиялық климатты жақсарту мақсатында

Ұжымдағы моралды-психологиялық климатты жақсарту мақсатында

 

Қызметкерлердің психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде психологиялық дайындық маңызды роль атқарады, ол кәсіби дайындықтың бір бөлігі болып табылады. Жеке құрамның психологиялық дайындығы негізінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүзеге асыру кезінде психологиялық дайындық пен тұрақтылық пайда болып, қорқынышқа бой алдырмау, өмір үшін қауіпті ситуациялар кезінде өзін-өзі меңгере білу қабілеттері шыңдалады.

Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Департамент  психологі Тасқала ауданы ТЖБ, Бәйтерек ауданы ТЖБ, «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары» ММ №15, №24  өрт сөндіру бекеттерінде іс-шаралар қатарын өткізді. Шара барысында қызметкерлермен тестілеу, әңгіме және дәрістер өткізілді, онда барлығы 25 қызметкер қамтылды.  

Сонымен қатар, ұжымдағы моралды-психологиялық ахуалды және басшының басқару стилін анықтау мақсатында сауалнамалар, сенімділікті қалыптастыру, өмірдің позитивті салтын қалыптастыру, психологиялық икемділік пен бейімделуді дамыту мақсатында «Моральды-психологиялық ахуалды және позитивті мінез-құлықты қалыптастыру» тақырыбында дәріс  өткізілді.

         Қызметкерлерге өмірдің сапасын жақсарту, моралды-психологиялық  ахуалды жақсарту бойынша, бастықтарға тиімді басқару стильдерін жетілдіру бойынша  ұсыныстар және кеңестер берілді.

 

         БҚО ТЖД психологиялық қызмет тобы