БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының жұмыс сапары

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының жұмыс сапары

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының жұмыс сапары

 

2022 жылғы 28 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Е.Өтегенов Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек және Тасқала аудандарына іссапармен келді.

Іссапар барысында Бәйтерек ауданының әкімі М.Тоқжанов және Тасқала ауданының  әкімі Б.Айтмағамбетовпен кездесу ұйымдастырылып, бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Сондай-ақ, аудандық әкімдік ғимаратында жеке құраммен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерінің 2021 жылда атқарылған жұмыстардың есебі қорытындыланып, 2022 жылғы 1-тоқсанына қойылған міндеттер бойынша баяндамалар тыңдалды.

Ернұр Сапарұлы кездесуден соң № 24 және № 15 өрт сөндіру бекеттерін аралап, бекеттің жай-күйімен танысып, мен проблемаларды қарастырып, нақты тапсырмалар қойды.