Улы газбен улану

Улы газбен улану

Улы газбен улану

        

Ауа-райының салқындауымен пештерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жазатайым оқиғалар саны артып және адам қазасы орын алады.

Көпшілік жағдайда тұрғындар жылыту құралдарын қолдану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтай бермейді. Бұндай оқиғалар негізінде от жағу маусымы басталған шақта жиі орын алады.

Ауада отынның толық жанбауы кезінде иісті газ пайда болады. Пештегі түтін шығу жолын алдын ала жабу кезінде улану жиі болады. Жанбаған көмір көмірқышқылымен әрекеттеседі және улы газ пайда болады.

Сонымен бірге, улы газбен уланудың өзге де себептері: пешпен жылыту жүйесінегі ережелердің өрескел бұзылуы (пештің жаппасын  уақтылы емес жабу, отын салу жеріне жеткіліксіз ауа келу, түтін тартымы шамалы), пеш және түтін шығу орнының ақаулы жұмыс жасауы (пештің құрылысында жарықшалардың пайда болуы, түтін шығу орнының жабық қалуы).

Улы газдың аса қауіптілігі - түсі мен исінің жоқтығы. Уланудың белгілерін (симптомдарын) анықтау қиын. Бір ғимараттағы барлық адамдарда бірдей симптомдардың пайда болуы, улы газбен улану уақытын белгілеуге мүмкіндік береді. 

Көміртек тотығының аз шоғырлануы кезінде уланудың алғашқы белгілері байқалады, яғни: көзден жас ағу, бас ауруы және бас айналу, әлсіздік және жүрек айну, құрғақ жөтел, сананың шатасуы, көру және есту елестерінің болуы. Улану симптомдарын сезінген кезде, дереу сыртқа шығу қажет.

Улы газбен улану, ұзақ уақыт жұмыс жасап тұрған автомобильде (шығару газдың жиналуынан) және өрт ошағында ұзақ уақыт болған кезінде орын алуы мүмкін.

Ауыр жағдайларда жүректің тоқтауы да ықтимал. Зардап шеккен адамды дереу ауруханаға жеткізу қажет.

Дәрігер келгенше науқасты таза ауаға шығару керек, бұл ауруханаға жеткізгенге дейінгі көрсетілетін негізгі көмек. Кейін стационарда оттегімен ингаляция жасалады, аппаратпен жасанды  тыныс алу өткізіледі; ағзаның зардап шеккен жүйелердің тіршілік әрекетін қалпына келтіретін құралдар қолданылады.

Құрметті тұрғындар, адам қазасына жол бермеу үшін газбен, сұйық және қатты отынмен  жұмыс жасайтын пештер мен жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік ережерін қатаң сақтау қажеттігін естеріңізге саламыз.

 

Жаңақала ауданы ТЖБ-і