Батыс Қазақстан облыстық филиалының облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға дайындығын тексеру бойынша жұмыс

Батыс Қазақстан облыстық филиалының облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға дайындығын тексеру бойынша жұмыс

2021 жылғы 3-13 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ә. Ө. Исекешевтің тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылғы 25 қарашада аталған төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысында және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінен келіп түскен нұсқауларда Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазақавтожол" ЖШС Батыс Қазақстан облыстық филиалының облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға дайындығын тексеру бойынша жұмыс жүргізді.

Комиссияға "ҚазАвтоЖол "Ұлттық компаниясы" АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының, Батыс Қазақстан облысы бойынша "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК филиалының, Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының және Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің өкілдері енгізілді.

Тексеру барысында базалардың (гараж-тұрақтардың) техникалық жай-күйі, қысқы кезеңде Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін қолда бар қар жинағыш және инженерлік техника тексерілді.

 

БҚО ТЖД ТЖЖБ инженері Айбулатова А.Н.